© 2019, РУХАНИ ҚАЗЫНА. Все права защищены.

Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы» халыққа қызмет көрсетуде. Тарихи-мәдени орталықты Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорын түрінде тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

Кәсіпорынның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, Жібек жолы көшесі, 158А үй, индекс 040000.

Қызметінің мақсаттары: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -Елбасына қатысты құндылықтарды зерттеу, жинау, сақтау және насихаттау. Облыс аумағында тұратын барлық халықтардың тарихи ғылым мен өлкетану жетістіктерін, қазақтың халық шығармашылығын және материалдық мәдениетін, тұрмысын, салт-дәстүрін мақсатты түрде насихаттау; Ұлттық-мәдени орталықтармен байланыса отырып, облыста ұлттар мәдениетінің өзара байытылуын және байланысын дамыту; Экспозиция, көрме және ашық қор сақтау бөлмелері бойынша жалпы және тақырыптық экскурсиялар жүргізу, орталықтың бейініне тақырыптар бойынша лекциялар, әңгімелер ұйымдастырып, жүргізу.