© 2019, РУХАНИ ҚАЗЫНА. Все права защищены.

Мемлекеттік қызметшілер арасында» T-QUEST»

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қолдауымен «Т-QUEST» атты квест-ойыны өткізілді.

Жобаның мақсаты — Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметкердің қызмет түрін, адамгершілікті, прагматизмді және сананың ашықтығын насихаттау.

Ойынға облыстық басқармалардан 6 команда қатысты. Әдетте, әр топқа 3 адамнан қатысты. Жарысқа қатысушы қызметкерлер логика мен тапқырлыққа негізделе отырып, сұрақтарға жауап тауып, Талдықорған қаласының облыс орталығында орналасқан көрікті жерлердің геолокациясын анықтады. Қала бойынша барлығы 10 орын анықталды.

Ойын соңында 3 орынға ие болған мемлекеттік қызметкерлерге арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Алматы облысы,
«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі