© 2019, РУХАНИ ҚАЗЫНА. Все права защищены.

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абайға арнау» облыстық жазба ақындар мүшәйрасы мен «Сурет әлеміндегі Абай бейнесі» атты облыстық суретшілер байқауы

Алматы облысының мәдениет, архивтер басқармасының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 25 наурыз күні сағат 15.00-де Б.Римова атындағы драма театрында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Абайға арнау» облыстық жазба ақындар мүшәйрасы мен   «Сурет әлеміндегі Абай бейнесі» атты облыстық суретшілер байқауының қорытындысы өткізілeді.

Мүшәйра мен суретшілер байқауының мақсаты  – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, дана ақын, ғұлама ойшыл                   Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген сұранысты арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту, сондай-ақ, Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттау мақсатында Абайдың жарқын бейнесін кенеп бетіне түсіру. Сурет өнері арқылы өскелең ұрпақтың ел мен жерге деген перзенттік махаббатын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.

Шараға Алматы облысының әкімі А.Баталов, Абай Құнанбаевтың ұрпақтары, Абайтанушылар, облыстың зиялы қауым және БАҚ өкілдері, қала қонақтары мен тұрғындары қатысады деп күтілуде.

Салтанатты шара соңында жүлделі орындарға ие болған облыстық байқаудың жеңімпаздарын марапаттауын өткізіп, Абай Құнанбаевтың шығармашылығынан «Абай әлемі» атты мерекелік концерт ұйымдастыру жоспарлануда.

 

Алматы облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі