© 2019, РУХАНИ ҚАЗЫНА. Все права защищены.

«Қазақстанның қасиетті географиясы». Талхиз қаласы

Ежелгі Талхиз қаласы  енді туристік орталыққа айналмақ. Қалада қалпына келтіру жұмыстары басталыпта кетті.

Қазақстандағы тарихи  ең көне  қалалардың бірі Іле аңғарындағы Талхиз қаласы. Ол шамамен XIII-IX ғасырларда бой көтерген. Қала  бойымен Ұлы жібек жолы өткен, сондықтан ол ірі сауда және мәдени орталыққа айналған. Талхиз қалашығы Алматыдан шығысқа қарай 25 километр жерде, Талғар қаласының шетінде орналасқан. Археологтардың дерегі бойынша осы қоныста 8 мыңға дейін адам тұрған.

Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Соған қарамастан осыдан бір жыл бұрын шаңғы кешеніне баратын тасжол салу жоспарланған. Десекте, мемлекет архиялогиялық ескерткішті бұзбай жаңа бағдарламамен жұмыс бастап кетті.

Ежелгі қала Республикалық меншікке тапсырылып, Мемлекеттік тарихи – мәдени «Есік» қорық-мұражайының құрамына кіретін болады.

Талғар ауданы әкімінің 2018 жылдың 26 маусымындағы  Қаулысы бойынша Ортағасырлық Талғар қалашығының жер телімі Республикалық Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне тұрақты пайдалануға беріліп отыр.

Аталмыш тарихи ескерткіш көптеген зерттеушілердің қызығушылығын тудырып келеді. Талғар қалашығы ХІХ ғасырдың орта шенінен-ақ археологиялық есерткіш ретінде белгілі болды. Оған алғаш рет 1921 және 1924 жылдары В. Городецский қазба жұмыстарын жүргізсе, 1939 жылы А.Н. Бернштам басқарған Жетісу археологиялық экспедициясы қалашыққа екі бірдей шурф салды. Одан кейін 1950 жылы И.И. Копыловтың жетекшілігімен қалашыққа қазба жұмыстары басталғанмен, негізгі кең көлемдегі зерттеу жұмыстары К.Ақышев басқарған Жетісу археологиялық экспедицияның құрамындағы К.М. Байпақов жетекшілік ететін отырықшы және қалалық мәдениетті зерттеуші арнайы топ құрылған кезден басталды. 1968 және 1970 жж. қалашыққа тағы да зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1978-1983 жж. қамал қабырғалары қоршап жатқан орталық бөлігі мен оңтүстік бөлігінде қазба жұмыстары жүргізіліп, 3890 м² болатын қазба алаңында 12 үй мен 65 метрге созылған негізгі көше орны аршылып, қаланың орталық алаңында батыс және солтүстік қабырғалар кесіндісі ашылды. 1986, 1990-1993 жж. жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде ұстахананың, қалашықтың орталық үйіндісінің орны қазылып, қала құрылысы мен қала қолөнершілері, сауда, ауыл шаруашылығы туралы материалдар мен мәліметтер жинақталды.

1994 жылы біріккен қазақ-американ кешенді археологиялық тобының зерттеуі барысында фитологиялық, палеоботаникалық,  палеозоологиялық материалдарға сараптама жасалды. 1998 және 2000 жылдары қалашық орнына тағы да зерттеулер жүргізілді.

Ал, орта ғасырлық Ұлы Жібек жолының Іле алқабындағы маңызды қалаларының бірі болған Талғар қалашығы 2014 жылы ЮНЕСКО-ң  бүкіләлемдік мұрала тізіміне енгізілсе, енді тарихи ескерткіш «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің басқаруына беріліп отыр.

Осылайша «Есік» қорық-музейі құрамында ЮНЕСКО-ң бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енген ескерткіштері бар Қазақстандағы 4-ші («Әзірет Сұлтан» қорық-музейі, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейі және «Таңбалы» қорық-музейінен кейінгі) қорық-музей болып отыр.

2018 жылдың 2-шілдесінде Талғар аудандық әкімшілігінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, «Қазқайтажаңарту» РМК-і, Алматы облыстық Мәдениет және құжаттама басқармасы, Талғар аудандық әкімшілігі өкілдері қатысқан жиналыста ескерткіш «Есік» қорық-музейіне ресми өткізілді.

Ендігі кезекте «Есік» қорық-музейінің алдында аталмыш тарихи-мәдени мұра объектісін сақтау, қорғау мақсатында оның қорғау аумағын қоршап шығу мақсаты тұр.