© 2019, РУХАНИ ҚАЗЫНА. Все права защищены.

«Тіл тарихы: Жүз жылдық жылнама» атты публицистикалық шығармалар байқауы

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс шаралардың насихатталуына өлшеусіз үлес қосып отырған республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай «Тіл тарихы: жүз жылдық жылнама» атты публицистикалық шығармаларға байқау жариялады. 2 мамыр күні Тіл сарайында аталған байқаудың қорытындысы бойынша шара өтеді. Шарада байқау жеңімпаздары Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Egemen Qazaqstan» газеті редакциясының арнайы дипломы және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Байқауға 18-50 жасқа дейінгі үміткерлер қатысады.

Шараның мақсаты:  Ғасыр төрінен орын алған басылымның қазақ баспасөзіндегі орны мен мемлекеттік тілді насихаттаудағы рөліне баса назар аудару; Басылымның халық арасында қазақ тілі әліпбиін латыннегізді әліпбиге көшірудің маңыздылығы мен өміршеңдігін дәріптеудегі ерекшелігіне тоқталу; Қазақ тілінің дамуы мен ұлттық тіл қорының жасақталуына «Egemen Qazaqstan» газетінің қосқан өлшеусіз үлесін шығармаға арқау ету.

Шараға «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі және зиялы қауым өкілдері мен журналистер шақырылады.

Жауапты: Кенжеғұлова Әсем Еркінқызы, бас маман.

Өтетін орны: Тіл сарайы

Өтетін мерзімі: бейсенбі, 2 мамыр 2019 ж.

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

8/7282/ 40-01-60