© 2019, РУХАНИ ҚАЗЫНА. Все права защищены.

«Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы» тақырыбында мемлекеттік қызметшілер арасында латын әліпбиінде эссе жазу конкурсы

Ұйымдастырушылар: Еңбекшіқазақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі

Іс-шараның мақсаты: Мемлекеттік қызметшілердің латын әліпбиіне көшуге дайындығы және оған деген көзқарасын анықтау.

Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.

Латын әліпбиі дүниежүзі бойынша маңызды орынға ие болып отыр. Әлемде латын тілін 4 млрд.халық пайдалануда. Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар, интернет желісіндегі мәтіндер латын әліпбиімен жазылуда. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып жатыр. Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашпақ.

Мемлекеттік қызметшілер арасында жазылған эссе барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы А.Қанапина бүгінгі күнде ең өзекті мәселенің бірі – латын әліпбиін үйреніп, заман талабынан қалмай, тарихымызды қайна ояту болып отырғандығын түсіндіреді.

Бөлім мамандары мемлекеттік қызметшілер арасында эссе жазу еш қиындық тудырмайды деген сенімде. Себебі ол бұлар үшін жаңалық емес. Қазіргі таңда барлық сайттар мен жарнама беттері, пошта торабының аттары латын әліпбиімен жазылуда.

Іс-шараның нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлердің латын әліпбиіне көшуге деген көзқарасы жақсара түсіп, әліпбиді тез меңгеріп алуға деген ниеті арта түспек.

Шараға Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары, тілге жауапты мемлекеттік қызметкерлер және мәдениет қызметкерлері қатысады.

Өтетін орны: Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, аудандық кітапхана

Бастаулы: сағат 10.00-де

Қамту: 50 адам

07 маусым 2019 ж